$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкенттегі жер дауы: депутат Дендросаябақ жерінің жекеменшіктен мемлекетке қайтарылғанын айтты

Қаладағы екі саябақтың жері жекеменшікке заңсыз беріліп кеткен

Шымкенттегі жер дауы: депутат Дендросаябақ жерінің жекеменшіктен мемлекетке қайтарылғанын айтты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Шымкент қаласындағы Дендросаябақтың жекеге заңсыз берілген 0,29 га жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп Azattyq Ruhy тілшісі.

«Жер аманаты» республикалық жер комиссиясының жұмысы нәтижесінде «Кең-баба» саябағыда халыққа қайтарылмақ. Шымкенттегі заңсыздықтардың реттеліп жатқанын депутат Бақытжан Базарбек хабарлады.  

«2022 жылы мен тәуелсіз жер құқығы сарапшысы мен «Жер аманаты» Республикалық жер комиссиясының төраға орынбасары ретінде Шымкент қаласы әкімінің 23 желтоқсан 2005 жылы №2096 қаулысы негізінде Дендросаябақтың 0,2430 га көлемінде жерінің заңсыз үшінші тұлғалардың иелігіне табысталғанын тексеру мен қайтадан мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде арызымды ҚР Жер ресурстарын басқару Комитеті төрағасы Мұрат Теміржановқа жолдаған болатынмын. Мұрат Баритұлының хатымен Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару Департаменті тексерісті ашып, тексеру нәтижесінде Жер кодексінің 39, 43 ,44, 108, 109  нормаларының қатаң бұзылғанын анықтап, Дендросаябақ басқармасының атына ұсыныс түсірді. Түскен ұсынысты орындау мақсатында Дендросаябақ заңсыз шығарылған жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару және заңсыз әкімдердін шешімдерін бұзу туралы сотқа шағым түсіріп, 2023 жылы соттарды жеңіп шыққан», - деді депутат.

Оның айтуынша, заңсыз таратылған жерлерге қатысты өтіп жатқан сот отырыстарын «Жер аманаты» комиссиясы қадағалап, әкімдердің заңсыз қаулыларының бұзылуын бақылап отырған. «Жер аманаты» республикалық жер комиссиясының мүшесі Жанарбек Әшімжан, Жер ресурстарын басқару Комитеті төрағасы Мұрат Теміржанов, инспекторлары, AMANAT партиясы басшылығымен Дендросаябақтың жерлерін тексеріп қайтқан. Бақытжан Базарбек «Кең-баба» саябағының да мемлекетке қайтарылатынын мәлімдеді.   

«Жер аманаты» республикалық жер комиссиясының жұмысы аясында Шымкент қаласында жеке меншікке өтіп кеткен «Кең-баба» саябағына келіп, тексеріп кеттік. Шымкент қаласы әкімінің 08.09.2009 жылғы №1391 қаулысымен саябақтың 2,641 гектар жері үшінші тұлғаларға 10 жылға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына беріліп кеткен. Кейін, аталған жер Шымкент қаласы әкімінің 02.02.2011 жылғы №108 қаулысымен жеке меншікке өтіп кеткен», - деп жазды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек.

Оның хабарлауынша, бұл саябаққа қатысты да көп жұмыс жасалған. Ақыры әкімдердін қаулылары бұзылып, «Кең-баба» саябағы да халықтың ортақ қазынасына өтетін болды.

Серіктес жаңалықтары