«99,8 млн теңге»: Француз инвесторына негізсіз салық салған лауазымды қызметкер жазаға тартылды
Мемлекеттік кірістер департаменті заңсыз салық салған
Прокуратура органдары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Проблемаларды тиімді шешу, инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру болып табылатын басты міндет қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі.
«Бас прокуратура мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы аясында 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында сутектерді өндіру жөніндегі жобаларды іске асыратын «Air Liquide» француз инвесторының проблемасы анықталды. Аталған француз компаниясы өнеркәсіп, денсаулық сақтау және экология үшін газ өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады», - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Павлодар облысының салық органдары инвестордың атына 99,8 млн теңге сомасына ҚҚС және кедендік баж төлеу туралы хабарламаны заңсыз енгізген. Инвесторға импортталатын тауардың жіктелуін дұрыс анықтамаған.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 3 күн ішінде хабарлама жойылды.
Жол берілген бұзушылық үшін Павлодар облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, бүгінде прокурорлар инвесторлардың 85 проблемалық кейсін шешті.