Ақмола облысында коронавирустан көз жұмған – 91 жастағы кейуана
Дәрігерлер оның бұған дейін де аурудың бірнеше түрімен ауырғанын айтып отыр
Қазақстанда COVID-19 вирусының жетінші құрбаны – 91 жастағы әжей. Ол Ақмола облысының тұрғыны деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Анықталғандай, марқұм бұған дейін коронавирустан көз жұмған 1947 жылғы ер адаммен байланыста болған. Әжейдің вирус жұқтырғаны қайтыс болғаннан кейін, яғни мәйітханадағы медициналық зерттеу барысында белгілі болған.
Дәрігерлердің айтуынша, әжей бұған дейін де аурудың бірнеше түрімен ауырған екен.
«Науқас артериялық гипертензия, ортан жіліктің, мойнының сынығы (2016 жылдан бастап), ДЭП, паркинсонизм синдромдары, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия кернеуі, созылмалы бронхит диагноздарымен тiркеуде болған», - делінген басқарма таратқан хабарламада.