$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.01.2024, 22:30
Қоғам

Оралда ер адам сатушыны кірпішпен ұрып дүкеніндегі ақшасын ұрлап кеткен

Оған қатысты «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Оралда ер адам сатушыны кірпішпен ұрып дүкеніндегі ақшасын ұрлап кеткен

Орал криминалдық полициясының қызметкерлері сатушыны ұрып-соғып, азық-түлік дүкенін 20 мың теңгеге тонап кеткен қарақшыны ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Уральская неделя ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Полицейлердің хабарлауынша, түстен кейін жас жігіт Завокзал көшесіндегі дүкенге келген. Ол азық-түлік алатынын айтып, оған қажет нәрселерді атаған. Сатушы әйел одан «пакет керек пе?» деп сұрады. Сөйтіп сөренің төменгі жағынан пакет алуға еңкейе берген кезінде, жігіт оны кірпіш сынығымен басынан ұрған. Соққыдан әйел еденге құлаған. Осы кезде қаскүнем оның шашынан ұстап, ақша талап еткен. Кассадағы 20 мың теңгені алып, ер адам оқиға орнынан қашып кетті. Өз-өзіне келген әйел дереу полицияға қоңырау шалды. Оның айтуынша, бәрі көзді ашып-жұмғанша өте жылдам болған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен қылмысты ашты. Ол бұрын бірнеше рет сотталған Орал тұрғыны болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған қатысты «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Енді ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары