05.01.2024, 20:12
Қоғам
Шымкентте дүкен кассирі сатылған тауарлардың ақшасын жеке есепшотына аударып отырған
Тергеу барысында азаматша өз кінәсін толық мойындады
Коллаж: Azattyq Ruhy
Полицияға кеңсе тауарлары дүкенінің кассасынан 650 мың теңге көлемінде ақша жымқырылғаны туралы арыз түсті. Кәсіпкердің айтуынша, қол астындағы қызметкері сатылған тауарлардың ақшасын аз-аздан жеке есепшотына аудартып алып отырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді.
Тергеу барысында азаматша өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісі үшін өкінетін жеткізді. Жәбірленуші өзіне келтірген материалдық шығынның толық өтелуіне байланысты, оған кешірім берді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды