Президент бастамалары біз үшін жұмыстың негізіне айналады – Бақытжан Базарбек

Аягөз Құрмаш

Депутат елдегі саяси реформалар жайлы айтты

Президент бастамалары біз үшін жұмыстың негізіне айналады – Бақытжан Базарбек
Фото: Bizmedia.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Президенттің «Егемен Қазақстан» басылымына берген сұхбатындағы саяси реформалаудың қажеттілігі мен жалпы мемлекетте жүргізілген саяси реформалардың нәтижелері мәселелері бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Президент көп уақыттан бері біз айтып жүрген мәселелерді шегендеген. Ең алдымен, Парламент жоғары мінбер болып есептеледі. Президент саяси реформалардың қажеттілігі жайлы нақты айтты. Осы 30 жыл бойы саяси құрылым сол кездегі олигархтарға қызмет көрсетті. Сол саяси жүйе әрекетсіздікке көшсе де, түбегейлі өзгерістерді қажет етті. Ол кезде нарықтық экономиканың не екенін дұрыс білмедік, сол кезге сай суперпрезиденттік басқару мен әлсіз Парламент болды. Ол кезде қуатты Парламент президентке қажет болмады», - деді Базарбек.

Депутат атағандай, Президенттің саяси реформаларынан кейін бұл жағдайлар өзгере бастады.

«Халықтың сенімі диалог алаңына айналды. Саяси реформалар маңызды және жүйелік заңдардан бастау алады. Шетелде сайлау сынды қоғамдық маңызды инстиуттар бойынша заңдардың тиімділігі бағаланады. Саяси жаңғыртулар мен реформалардың маңызды элементі ретінде Мәжілісті айтар едім. Парламент пен Президент бірін-бірі толықтырып отырады. Президенттің бастамалары біз үшін жұмыстың негізіне айналады. Ол – заң шығару мен өзгерістер енгізу», - деді депутат.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.