Келесі жылы коммуналдық қызмет қанша пайызға көтеріледі
Барлық тарифтің көтерілуі жоспарланып отыр
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2024 жылы коммуналдық қызмет құны қанша пайызға көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Министр Мәжілістің кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп, тарифтерді көтеру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткенін айтты.
Оның сөзінше, мұндай іс-шарала ең алдымен коммуналдық инфрақұрылымы өте нашар өңірлерде өткен.
«Қызыл аймақта, атап айтқанда, барлық өңірдегі 87 табиғи монополия субъектісі, ең өзекті өтініштер мен талқылаулар өтті. Бұл аймаққа, тақырыпқа және тозуға байланысты», - деді Әлібек Қуантыров.
Қуантыров тарифтер барлық салада көтерілетінін айтты.
«Энергетика, газдандыру, сумен жабдықтау, кәріз, жылу - бұл кезең-кезеңімен болады. 15%-дан 30%-ға дейін... Бұл аймаққа, тозу жағдайына байланысты, бірақ әр өңірде әртүрлі болады», - деп айтты ведомство басшысы Әлібек Қуантыров.