Маңғыстауда облыс әкімдігі «АМАNАТ» фракциясына есеп берді
Қазіргі танда келесі жылға өтпелі 4 шара анықталып отыр

«АМАNАТ» партиясының Маңғыстау облыстық фракция отырысы өтіп, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі Жол картасының іс-шаралары мен көрсеткіштерінің тармақтарының орындалысын баяндап, есеп берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жол картаның басты мақсаты Сайлауалды бағдарламаның орындалуына қатаң партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан фракция мүшелері жол картасының жүзеге асырылуы бойынша жергілікті органдардың есебін алып отырады.
«Маңғыстау облысы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы халықтың табысын арттыру, халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру, азаматтар мен жастардың әлеуметтік санатын қолдау, экологиялық жағдайды жақсарту сынды 5 негізгі басымдық белгіленген. Жол картасы аясында биылғы жоспарланған 86 іс-шараның 58-і (67%) орындалды, 28-і орындалу сатысында. Қазіргі танда келесі жылға өтпелі 4 шара анықталып отыр», - деді Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Ғаббасұлы.
Оның ішінде партияның «Ауыл Аманаты» жобасы аясында биылға 1,2 млрд теңге қаражатқа 165-ден астам жоба қаржыландырылған. Көптің назарын аударған Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында «СЕРГЕК» аппараты іске қосылды. Қазіргі уақытта барлық 1 138 бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұр.
Үш ауысымды мектептерді жою мақсатында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін екі ауысымда 44 мың орындық 21 мектептің құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта 13 мектептің құрылыс жұмыстары басталд. 24 жекеменшік балабақша пайдалануға берілген.
Жыл соңына дейін аяқталып үлгермеген 4 нысан жұмысы жалғаса бермек, халық игілігіне беру келесі жылдың еншісіне қалдырылды. Фракция мүшелері жол картасының орындалысын бақылауды назарға алып отырғандарын айтып, жоспарлы жұмыс уақытылы орындалуы керектігін айтты.