$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана әкімі Боранбаев иелігінде болған қонақүйлердің жайы туралы айтты

Ол фитнес орталықтарына қатысты жағдайға да тоқталды

Астана әкімі Боранбаев иелігінде болған қонақүйлердің жайы туралы айтты
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған қонақүйлердің кімге өтетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Брифинг барысында Астана әкіміне «Миллиардер Қайрат Боранбаев тергеумен келісіп, кейбір активін мемлекетке қайтарды. Оның ішінде Астанада «Комфорт» қонақүйі мен Fitnaton фитнес орталығы бар. Онда оңалту және білім беру орталықтары ашылуы керек болған. Осы нысандарда бұл орталықтары ашыла ма?» деген сұрақ қойылды.

«Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Астана қаласы бойынша «Комфорт» қонақүйі өтеді. Фитнес орталықтар берілмейді. Қонақүйді (әкімдікке беру - ред.) үрдісі жүріп жатыр. Осы жұмыс аяқталған соң не істейтініміз белгілі болады. Қалада осындай деңгейдегі қонақүйлер жетіспейді. Бұл нысан ары қарай жұмысын жалғастыруы мүмкін», - деді Жеңіс Қасымбек.

Серіктес жаңалықтары