Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы есеп берді
Өңірдің Жол картасы 157 іс-шарадан тұрады
Абай облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық Фракциясының отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жиынды облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Ш.Жанаева жүргізді.
Басқосуға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыстық партия филиалының төрағасы Сүлейменов, облыстық партия филиалының хатшысы Ысқақов, Абай облыстық мәслихатының «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшелері қатысты.
Абай облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі биыл «Жол картасы» бойынша іс-шаралар мен көрсеткіштердің орындалуы туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың есебі тыңдалады.
«Сайлаушылардың талап-тілектері негізінде қалыптастырылған «Жол картасы» 157 іс-шарадан тұрады. Биыл орындалуы керек 103 іс-шараның 80-і орындалды, 19-ы орындалу сатысында», - деп хабарлады облыстық партия филиалының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Жол картасында экономикалық белсенділікті арттыру шараларына басымдық берілгендігін айта келіп, халықтың әлеуметтік қорғалуы мен жұмыспен қамту бойынша, өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы, экология білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет пен өнержәне өзге де салаларда атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Фракция отырысында өңірдегі «Жол картасы» бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланып, орындалмау тәуекелдері қарастырылды. Бірқатар ұсыныстар жасалды. Депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына жауаптар берілді.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ