$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.12.2023, 06:19
Қоғам

Қостанай облысында 88 мың тонна бидай қар астында қалды

Мұндай жағдай облыстың барлық аудандарында дерлік болды

Қостанай облысында 88 мың тонна бидай қар астында қалды
Фото: ult.kz

Қостанай облысында қолайсыз ауа райы салдарынан дихандар астықты орып үлгермеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Тобыл өңірінде 3,9 млн тонна астық жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 млн тоннаға аз. Әрі шығымдылығы да төмен. Жиналған астықтың 2 миллион тоннадан астамы классқа жатпайды, мал азығына ғана жарамды. Диқандар оны қайда сатарын білмейді. Азық-түлік корпорациясы аймақтан тікелей сатып алу бойынша 94 мың тонна астық қабылдайды. Бұл көлем өте аз, дейді шаруалар.

«Мұндай жағдай облыстың барлық аудандарында дерлік болды. Тек Жанкелдин ауданы ғана бәрін жинап үлгерді. Осынша Астықтың жиналмай қалуы биылғы үздіксіз жауған жаңбырдың салдары. Жауын-шашын ашылғанмен, егістік батпаққа айналды. Одан кейін ауа температурасы түсіп кетті. Біз ештеңе істей алмадық», - деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедов.

Серіктес жаңалықтары