$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ОЭК кәсіпорындары өндірістік қауіпсіздікті қатаң сақтауы қажет – министр

Ұлттық компаниялар 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек

ОЭК кәсіпорындары өндірістік қауіпсіздікті қатаң сақтауы қажет – министр
Фото: tactise.com

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің төрағалығымен Министрлік жетекшілік ететін салалардағы өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кеңеске ҚР ТЖМ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері де қатысты.

Өндірістік қауіпсіздік, кәсіпорындарда еңбекті қорғау саласында қабылданып жатқан шаралар мен жоспарлар туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰК АҚ және «KEGOC» АҚ компанияларының өкілдері баяндады.

«Компания өкілдері өндірістік қауіпсіздіктің барлық талаптары мен нормативтерін сақтау бойынша қатаң бақылауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ қажетті еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін шараларды қабылдау керек», - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Ұлттық компанияларға 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің озық тәжірибесін қолдану жөніндегі жоспарлар туралы ақпарат беру тапсырылды.

Энергетика вице-министрлеріне өндірістік қауіпсіздікті бұзу фактілері бар кәсіпорындарды бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасын енгізу, өндірістегі технологиялық бұзушылықтарды талдау және жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына әсер ететін өндірістік тәуекелдерді болдырмау, өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру жөніндегі жоспарларды талқылады.

Серіктес жаңалықтары