Жамбыл облысында 538 млн теңгеге салынған су станциясы істен шықты

Azattyq Rýhy

Станцияның құбырынан сарылдап су ағудың орнына лай-батпақ шығып жатыр

Жамбыл облысында 538 млн теңгеге салынған су станциясы істен шықты
Фото: strategy2050.kz

Жамбыл облысында жарты млрд теңге жұмсалған жоба нәтиже бермеді. Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылында 538 млн теңгеге салынған су ғимараты істен шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Ел екі жылдан бері нысанның игілігін көре алмай келеді. Станцияның құбырынан сарылдап су ағудың орнына лай-батпақ шығып жатыр. Жұмысы тоқтаған станция әкімдік есебінде қолданыста деп көрсетіліпті. Ауылға су күнара трактормен тасымалданады. Жергілікті билік өкілдері геологиялық барлау жұмысының сапасыз жүргізілгендігін мойындап отыр. Енді компанияны сотқа бермек. Ал ауызсу стансасына келер көктемде жөндеу жүргізіледі деп сендірді.

«Бұл жерде геологиялық зерттеу жүргізгенде осы жердің суы тәтті деп берген. О баста, сол қателік болып артынан осыған тірелді. Барлау кезінде қателік кеткен. Тәтті деген соң салынған», - деді Қылышбай ауылының әкімі Бәкір Исабеков.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.