Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен 3 қыз жалдамалы пәтерден табылды
Жасөспірімдер Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді
Ақтөбе қаласындағы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан қашып кеткен үш қыз бір тәулік өткен соң жалдамалы пәтерден табылды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департаменттің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен үш қызды тапты.
«Тексеру барысында олардың жалдамалы пәтерде екендігі анықталды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді. Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды»,- делінген ПД хабарламасында.
Еске сала кетейік, 8 желтоқсан күні сағат 23:00 шамасында үш қыз орталықтан қашып кеткен. Оларды полиция мен еріктілер іздеді.