ШҚО Экология департаментінің басшысы жемқорлық үшін әшкереленді
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департаментімен өзара іс-қимыл негізінде өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың Экология департаментінің басшысын әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ол қатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаға эмиссиялауға рұқсат еткені және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алу бойынша күдікті», - делінген хабарламада.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.