$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2023, 15:57
Қоғам

Еліміздің қай бөлігінде аязды ауа райы сақталады

Республиканың оңтүстігінде қар жауады

Еліміздің қай бөлігінде аязды ауа райы сақталады
Фото: freepik.com

Қазақстан бойынша 2023 жылғы 09-11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын «Қазгидромет» ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі. 

Ал атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың шығысында қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады, республиканың оңтүстігінде 09-11 желтоқсанда тау бөктерінде және таулы аймақтарда қатты қар жауады.

Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста 20-37 градус аязға дейін, солтүстікте 30-38, республиканың қиыр солтүстігінде 40-46 градус аязға дейін, орталықта және шығыста 25-35 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман болжанады.

Серіктес жаңалықтары