СҚО-да 41°С аяз күтіледі: еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
ТЖМ азаматтардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды
Күндіз желтоқсанның 6 мен 7-сіне Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында 10 градус аяздан 29-34 градус аязға дейін күрт төмендейді, 8 желтоқсанда түнде 33-38 градус, облыстың солтүстігінде қатты 41°С аяз күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Күндіз Ақмола облысында ауа температурасы 23 градус аязға дейін күрт төмендейді, 8 желтоқсанда түнде 33-38, облыстың оңтүстігінде 27 градус аяз болады.
Астанада күндіз ауа температурасы 23-25 градус аязға дейін барады, 8 желтоқсанда түнде 27-29 градус аяз күтіледі.
Павлодар облысында ауа температурасы 25-30 градус суық болады, 8 желтоқсанда түнде 32-37 градус аяз, облыстың солтүстігінде -40°С күтіледі.
Ұлытау облысында ауа температурасы 10-15 градусқа төмендейді, облыстың солтүстігінде 18 градус аяз болады, одан әрі төмендеуі күтіледі.
Қарағанды облысында ауа температурасы 13-18 градусқа төмендеп, 8 желтоқсанда түнде 20-25, облыстың оңтүстігінде 10-15 градус аяз күтіледі.
Абай облысында ауа температурасы 18 градус аязға дейін күрт төмендейді, одан әрі төмендеуі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы минус 18 градусқа дейін барады.
Қызылорда облысында ауа температурасы 15 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Жамбыл облысында ауа температурасы таулы аудандарда 6-11 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Алматы облысында ауа райы 6-11 градус аязды көрсетпек.
Алматы қаласында ауа температурасы 1 аязға дейін күрт төмендейді.
Жетісу облысында ауа температурасы таулы аймақтарда 6-11 градусқа дейін төмендейді.
6 желтоқсанда күндіз Абай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын, көктайғай болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жел тұрады.