ШұғылҚазақстанда тағы 148 адамнан коронавирус анықталды

Әлемде бір тәулікте 82 мың адам коронавирус жұқтырған

Ең көп ауру жұқтырғандар саны Еуропа елдерінде тіркеліп отыр

© Коллаж ИА «Росбалт»

Соңғы тәулікте көрсеткіш 1 млн 272 мың 115 адамға жеткен деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

COVID-19 вирусының таралу қарқыны әлемде әлі бәсеңдеген жоқ. Ауруды жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Елде 337 072 адам ауырған. Испанияда – 131 646, Италияда – 128 948 науқас тіркелген.

Өлім көрсеткіші жағынан Италия көш бастап тұр. Мұнда коронавирус құрбандарының саны 15 887 адамға жетті. Испанияда 12,6 мың адам қайтыс болса, АҚШ-та 9,6 мың науқас көз жұмды.

Германияның жағдайы да мәз емес. Елде бір жарым мың адам жаңа вирустан қайтыс болса, жүз мыңнан астам адам онымен күресіп жатыр.

Францияда 93 773 адам коронавирус жұқтырса, 8 мыңнан астамы көз жұмған. Ал, Түркияда соңғы бір тәулікте 3 135 адам короновирус инфекциясын жұқтырды. Соңғы екі аптада бұл елде аталған індеттен 574 бақилық болған.

Ал құрбандардың жалпы саны – 69 458 адам.

Айта кетсек, ДДСҰ 11 наурыз күні COVID-19 коронавирусының таралуын пандемия деп жариялаған болатын.