$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.12.2023, 15:36
Қоғам

Атырауда транссексуал мен ер адам интимдік қызмет көрсеткен

Олардың ішінде шетелдік те болған

Атырауда транссексуал мен ер адам интимдік қызмет көрсеткен
Фото: Polisia.kz

Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін саунаны анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Басқарма мәліметінше, саунада еліміздің түрлі өңірінің - Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарының 8 тұрғынына «қызмет» көрсетілген.

Аталған дерек бойынша сауна әкімшісіне қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында Тәжікстан Республикасының интимдік қызмет көрсеткен 26 жастағы транссексуал азаматы мен интернет желісі арқылы интимдік қызмет көрсету үшін тапсырыс қабылдаған ер адам белгілі болды. Қазақстанға қарашада келген шетелдік азаматқа қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар көші-қон басқармасына тапсырылды.

Барлық анықталған тұлға жезөкшелікпен айналысқандар есебіне тіркелді.

Серіктес жаңалықтары