Президент Dubai Expo City көрме орталығына барды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысады

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Dubai Expo City көрме орталығына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына келді», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.

«Саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп, мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді», - делінген хабарламада.