$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.12.2023, 13:03
Қоғам

Павлодарда электр жабдықтарын заңсыз сатқан шетелдік ұсталды

Ол сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзған

Павлодарда  электр жабдықтарын заңсыз сатқан шетелдік ұсталды
Фото: Павлодар қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, облыс орталығында кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны үшін 40 жастағы Новосібір қаласының тұрғыны ұсталды. Ол Қазақстанға қараша айында жеке сапармен келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шетелдік электр жабдықтарын сатумен заңсыз айналысқаны анықталды. Заңсыз кәсіпкерден генератор мен шынжырлы ара табылды. 

«Ер адамға қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Бұдан басқа, шетелдіктің жүзеге асырылатын қызметтің визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес еместігін білдірген көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды» ,– деді департаментте. 

Аталмыш материалдар сотта қаралды. Сот шешімімен заң бұзушыға 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары