ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1062 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Испания Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім бойынша 3 орында тұр

Испанияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 11 025 адамға жетті

Испания Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім бойынша 3 орында тұр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабы хабарлады.

Жедел штабтың мәліметтеріне қарағанда, коронавирусты жұқтырғандар санының қарқынды түрде өсуіне байланысты Испанияда төтенше жағдай режимі тағы 15 күнге созылады.

«Вирусты жұқтырғандардың көбі Мадридте тіркелген — 34 188 адам. Екінші орында Каталония тұр— 23 460 адам. Испанияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 11 025 адамға жетті. Сауығып шыққандар — 30 513 адам»,- делінген хабарламда.

Бұл елде COVID-19-бен күрестің жақсы нәтижелер беріп, жаңа жұқтыру жағдайларының айтарлықтай төмендеуі байқалғанына қарамастан, Испания үкіметі қатаң оқшаулау шараларын әзірге сақтап отыр. Сондықтан, ел билігі карантинді 26 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Сұхбат
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат
Имамның айтуынша, құрбандыққа шалынған мал етін алуға өтініш бергендер саны басымырақ