ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1062 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Жалған ақпарат таратқан емхана қызметкері 106 мың теңге айыппұл төлейді

46 жастағы әйел сыныптастар тобына аудио жазып жіберген

Ақтөбе облысында COVID-19 туралы жалған ақпарат тарату дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ақтөбе облысында жалған ақпарат таратқаны үшін жеке емхананың 46 жастағы қызметкері ұсталды. Интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында полицейлер WhatsApp желісі арқылы таратылған жалған ақпаратты анықтады. Белгісіз әйел адам аудио жазып, оны сыныптастар тобына жіберген.

 «Ақтөбедегі коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны ресми ақпараттан әлдеқайда көп және жеке клиниканың барлық қызметкерлері жұқтырған және карантинде жатқызылды»,- деген мәліметтер айтылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратқан жеке емхананың 46 жастағы қызметкерін анықтады. Күдікті өзінің заңсыз іс-әрекеттерін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр.

Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы (төтенше жағдай кезінде құқық тәртібінбұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік сот 40 АЕК-ке (106.040 теңге) әкімшілік айыппұл салды. Ақтөбе облысының Полиция департаментіаймақ тұрғындарын жалған ақпарат таратуфактілерін анықтау үшін күн сайын мониторинг жүргізіліп, провокаторларды орнату бойыншажедел жұмыстар жүргізілуде.

Сұхбат
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат
Имамның айтуынша, құрбандыққа шалынған мал етін алуға өтініш бергендер саны басымырақ