04.04.2020, 17:05
Қоғам
Нұр-Сұлтанда 44 бала стационарда карантинде жатыр
4 сәуірдегі жағдай бойынша қалада барлығы 202 науқас тіркелді
Соңғы тәулікте бұрын провизорлық стационарда тіркелген 3 тұлғаның індет жұқтырғаны анықталды. Олар бұрын карантинде болған. Бұл туралы елорданың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта коронавируспен емделіп жатқан науқастардың 5-уі тұрақты ауыр, 3 науқас жасанды вентиляциялық аппаратқа қосылған. Басқа науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Емдеу диагностиканың клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізілуде», - деді Қисықова.
Алдыңғы күнмен салыстырғанда астанада науқастардың өсімі 1,5 пайызды құрады. Жалпы, қалада 7 пациент індеттен емделіп шықты. Бір адам көз жұмды.
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды