ШұғылCOVID-19: елімізде тағы 1060 адамнан коронавирус анықталды

Сағынтаев жаңадан салынатын карантин орталығының құрылысымен танысты

Орталық 280 адамға есептелген

Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді. Бұл госпиталь коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналады, дап жазды Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында.

«Тез салынатын модульды құрылыс жабдығынан бой көтеретін карантин орталығы 280 адамға есептелген. Соның ішінде 28-і қарқынды терапия бөлімшесіне арналады» - деп жазды ол.

Мұндай госпитальды салу туралы шешім вирус пандемиясына тап болған басқа елдердің тәжірибесі әрі мамандардың ұсынысы негізінде қабылданды.

«Бұл — індетті дер кезінде анықтап, оны оқшаулауға және індетті жұқтырушыны емдеуге мүмкіндік береді. Осылайша біз аурудың таралу қаупін айтарлықтай төмендетіп, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыра аламыз» - дейді Сағынтаев.

 

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат