ШұғылҚазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 152 мыңнан асты

Ауылдарға ауыз су тартуға бюджеттен 111,5 млрд теңге бөлінді

Осылайша ауыл халқының 87% астамын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған
 

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд теңге бөлу көзделген.  Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.

«Ол қаражат 316 жобаны іске асыруға жұмсалады. Нәтижесінде халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі қалаларда 97,5% жетіп, 10,53 млн адамды қамтиды. Ал ауылдық жерлерде 87,7% немесе 6,84 млн адамға жеткізу жоспарланған. Қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейі 74,9% жетеді»,- делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2019 жылы бұл бағытта 404 жоба іске асырылып, 4078 ауыл сумен қамтылды. Қазіргі уақытта республика бойынша ауыз суға қолжетімділік көрсеткішікі 92,6% құрайды.