Казинолар мен ойынханаларға барған әскери қызметшілер жазаланады

Azattyq Rýhy

Заң бойынша әскерилердің құмар ойын ойнауына тыйым салынған

Казинолар мен ойынханаларға барған әскери қызметшілер жазаланады
Фото ашық дереккөзден

Соңғы 5 жылда 113 әскери қызметкер өзіне-өзі қол салған. Оның 14-і лудоманияның құрбаны болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Заң бойынша әскерилердің құмар ойын ойнауына тыйым салынған. Оны бұзғандар қатаң жазаланады. Жұмыстан босатылады. Қараша айынан бастап заңнамаға өзгерту енгізілді. Енді ойынханаларға барған қызметкерге де шара қолданылады.

 «Бұл құмар ойынға бату өз-өзіне қол жұмсауға әкеп соқтырып жатыр. Егер құмар ойындар өтетін жерге барған болса, бұл белгілі бір тәртіптік жауапкершілікке тартылуға жатады. Өз тарапынан органдар ойынханалардан тізім сұрату арқылы сәйкестендіру жұмыстары арқылы шығаруға болады», - деді ҚР Бас әскери прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары Айдын Ғазиз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.