Басым бөлігі Алматы мен Астанада: елімізде жұмыссыз жүрген жастар саны қанша
Жұмыссыз жүрген әр бес адамның екеуі үш айдан бір жылға дейінгі аралықта жұмыс іздеп жүр
Биылғы үшінші тоқсанда елімізде 15 пен 28 жас аралығында 68,5 мың жұмыссыз жас бар екені белгілі болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға аз көрсеткіш, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Finprom сарапшыларының жазуынша, жұмыссыз ерлер саны 28,9 мың адамды (8,7% көп), ал жұмыссыз әйелдер саны 39,6 мың адамды (17,6% көп) құрап отыр 44,2 мың жұмыссыз қалаларда (12,8% аз), ауылдарда – 24,3 мың (1,5% көп) тұрды.
Салыстыру үшін айта кетсек, 2022 жылдың үшінші тоқсанында елде 15 пен 28 жас аралығындағы 74,6 мың жұмыссыз жастар болған, яғни бір жыл ішінде 3,7% азайған. Көрсеткіш жылдан жылға азайып келеді.
«Өңірлер бойынша жұмыссыз жастардың ең көп саны Алматыда тіркелді – 13 мың адам. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,7%-ға көп. Одан кейінгі орында Астана (8,6 мың адам, 1,1% аз) және Алматы облысы (8,5 мың адам, 15,7% көп) тұр. Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау (509 адам), сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан (әрқайсы 1,1 мың адам) облыстарында тіркелді. Ескере кететіні, бұл аймақтарда жалпы алғанда жастар салыстырмалы түрде аз, сондықтан көрсеткіштер де аз болмақ», - дейд сарапшылар.
Жұмыссыз жастар санының ең көп өсімі Маңғыстау облысында байқалды: бір жылда бірден 2,3 есеге, яғни 4,5 мың адамға дейін көбейген. Жұмыссыздар санының қысқаруы Түркістан облысында байқалды: 65,1%-ға, яғни 2,6 мың адамға дейін азайған.
«Жұмыссыз жастардың басым бөлігі 1 айдан 3 айға дейін жұмыс іздеген: олардың саны 18 мыңдай болып отыр, бұл бұл бір жыл бұрынғыдан 13,8%-ға аз. Тағы 14,9 мың адам алты айдан бір жылға дейін (93,8% көп), 14,8 мың адам – 3 айдан 6 айға дейін (26,9% аз) жұмыс іздеген», - делінген сараптамада.
Жұмыс іздеп жүрген мерзімі 1 айдан аз жастар 16,8%-ға, яғни13,8 мың адамға, ал бір жылдан астам уақыттан бері жұмыс іздеп жүргендер саны 24,8%-ға, яғни 7 мың адамға азайған.