«Үйіне оралмас үшін ауруханада қалуды сұрады»: Астанада 7 жасар қызды ата-анасы ұрып-соққан

Azattyq Rýhy

Балалар омбудсменінің айтуынша, мектепте қыздың денесінде ұрып-соғу іздері табылған

«Үйіне оралмас үшін ауруханада қалуды сұрады»: Астанада 7 жасар қызды ата-анасы ұрып-соққан
Фото ашық дереккөзден

Астанада жеті жасар қыз жүйелі түрде отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырап, елордадағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балалар омбудсмені Instagram желісіндегі парақшасында баланың ауыр тағдырымен бөлісті.

Оның айтуынша, қыз бала үйіне оралмас үшін ауруханадан шыққысы келмейтінін айтқан.

«Ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен 7 жасар қызды көруге бардым. Бала үйіне қайтпау үшін аураханада қалуды сұрады», - деп жазды Зәкиева.

Оның айтуынша, мектепте қыздың денесінде ұрып-соғу іздері табылған. Үйде одан бөлек тағы 6 бала бар көрінеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.