Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта барлық тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото ашық дереккөзден

Қызылордада абайсызда қалалық кәріз құдығына құлап, қайтыс болған сегіз жастағы баланың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қызылорда қалалық полиция басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеше, 25 қарашада сағат 13.24-те Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына хабарлама келіп түскен.

Облыс орталығындағы Балқы базар көшесі бойында орналасқан №5 емхананың жанында жасөспірім абайсызда қалалық кәріз құдығына түсіп кеткен. Сағат 18:00-де құтқарушылар күшімен 2015 жылғы баланың мәйіті кәріз құдығынан табылып, сыртқа шығарылды.

«Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 279-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сот медициналық сараптама тағайындалды. Бұл бойынша, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабының талабына сәйкес, барлық тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының талабына сәйкес қылмыстық іс бойынша қандай да тергеу әрекеті жариялауға жатпайтынын жеткіземіз», - делінген полиция хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.