67 мыңнан астам адамға 42 500 теңгеден тағайындалды
3 сәуірге дейін әлеуметтік төлем тағайындауға 210 834 адам жүгінді

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 67 мыңнан астам адамға 42 500 теңгеден төлем тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты 67 328 адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. 3 сәуір сағат 18-дегі жағдай бойынша табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындауға жалпы саны 210 834 адам жүгінді, оның ішінде 177 664 адам eGov.kz, ал 33 170 адам – 42500 enbek.kz сайты арқылы өтініш берді. Өтініштерді қарау және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды», - деп жазылған хабарламада.
Әлеуметтік төлемдер барлығы 67 328 адамға, оның ішінде проактивті форматта, яғни азаматтардың өтініштерінсіз (бірыңғай төлемді төлеушілер үшін) тағайындалды.