ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 272 адамнан коронавирус анықталды

COVID-19 анықтауға 220 000 адамға дейін экспресс-тест тапсыра алады

Тестілердің дұрыстығы 90%-дан кем емес

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тест тапсыра алады. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациенттің деректерін енгізуге арналған сауалнама жасалды, эпидемиологиялық іріктеудің қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілетін болады.

Алғашқылардың бірі болып тексеруден төменде көрсетілген адамдар өте алады:

• коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын адамдар, жедел жәрдемнің, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері;

• тыныс алу органдарының ауыр созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған адамдар;

• науқастармен әлеуетті байланыста болған адамдар;

• коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

• карантиндік аймақтардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, тамақ жеткізумен айналысатын қоғамдық тамақтану объектілерінің, зарарсыздандыру қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері, көлік жүргізушілері және т. б.)

 

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады