$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.04.2020, 01:17
Қоғам

Коронавирус: Халыққа психологиялық көмек көрсетуге арналған сайт іске қосылады

Сайт 4 сәуір күні жұмысын бастайды

Коронавирус: Халыққа психологиялық көмек көрсетуге арналған сайт іске қосылады
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы БҰҰ жанындағы Балалар қорының (UNISEF) қолдауымен covid-19.mentalcenter.kz сайтын құрды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ҚР ДСМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған сайт халыққа психологиялық көмек көрсетуге және азаматтарды қолдауға арналған. Сайт 4 сәуір – сенбі күні жұмысын бастайды. 

«Қазіргідей қиын жағдайда - коронавирустық инфекция өршіген тұста адамдарды қолдау үшін (UNICEF, WHO, Төтенше жағдайда психикалық денсаулық және психо-әлеуметтік қолдау бойынша ведомствоаралық комитеттің жұмыс тобы) психологиялық көмектің үздік халықаралық тәжірибесі жинақталды. Жаңа сайтта оқырман өз сұрақтарына жауап ала алады, психолог немесе психотерапевттер онлайн кеңес береді. Сізге сілтеме жазылған хабарлама келеді, сол арқылы келісілген уақытта маманмен онлайн байланысқа шығуға болады», - делінген хабарламада. 

Бұл жобаға еліміздің барлық өңірлерінен денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік, мемлекеттік емес секторлар жүйесінде жұмыс істейтін 50-ден астам маман қатысуда.

Серіктес жаңалықтары