Алматыда сатушы әйелдің басын кесіп алған сотталушының апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады
Оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын
Алматыда сатушы әйелдің басын кесіп алған ер адамға қатысты қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қайта қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.
Осыған дейін алқабилер сотының үкімімен Асхат Иманқосов қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 99 бабы 2 т.), оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.
Сотталушы үкімге апелляциялық шағым түсірді.
«Сотталушы И. отбасылық және өмірлік қиын жағдайда бола отырып, өзімен одан әрі қарым-қатынасты жалғастырғысы келмейтін азаматтық жұбайына материалдық тәуелді бола тұра, кісі өлтіруге бел байлаған. Иманқосов қасақана кісі өлтіруді алдын ала жоспарлап, жәбірленушіні іс жүзінде жоқ наубайханаға жұмысқа орналастырамын деген желеумен кездесуге шақырған. Содан кейін мойнына кесікті-тілікті жара салған, мұның салдарынан жәбірленуші көз жұмған, ал ер адам әйелдің басын кесіп алған. Бұдан соң сотталушы бірге тұратын әйеліне әсер қалдыру мақсатында жәбірленушінің басын дүкендердің біріне апару туралы шешім қабылдаған», - делінген хабарламада.
Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы тараптардың дәлелдері мен іс бойынша дәйектерді зерделеп, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдыру, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырмау туралы қорытындыға келді.
Үкім заңды күшіне енді