$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.11.2023, 20:56
Қоғам

Жастар қазақстандықтарды пайдалы әдеттерді қалыптастыруға шақыруда

«Жастар рухы» Жастар қанаты әлеуметтік желілерде «Менің пайдалы әдеттерім» атты онлайн акциясын бастады

Жастар қазақстандықтарды пайдалы әдеттерді қалыптастыруға шақыруда

Әлеуметтік желілерде «Менің пайдалы әдеттерім» атты акция басталды, онда «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері қоғамды оң  өзгерістерге шақыруда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жастар қанаты төрағасының орынбасары Ақерке Искандерова өзінің Instagram парақшасында қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды.

«Сіздің болашағыңыз - өз әдеттеріңізге байланысты. Күнделікті негізде біздің өмірімізге пайдалы әдеттер енгізсек, оның қаншалықты өзгеруі мүмкін екенін елестетіп көріңізші. Әрине, олардың ішінде ең көп тарағандары - сапалы ұйқы, пайдалы тамақтану, спортпен шұғылдану, кітап оқу және т. б. Соның нәтижесінде біз шымыр денеге, күшті иммунитет пен қосымша дағдыға ие боламыз», - деп жазды ол.

Сонымен қатар Ақерке Искандерова үлкен-кішілі құқық бұзушылықтарға да жол бермеу керектігін айтты.

«Соның арқасында біздің қоғам қаншалықты өзгеретінін елестетіп көрейік. Бұл қауіпсіз қоғам құрудағы ең пайдалы әдет болады деп санаймын. Егер әрқайсымыз қоқысты арнайы жәшігіне апарып, аялдамаларда, подъездер мен лифттерде орынсыз сурет салмасақ, жол қозғалысы ережелерін сақтасақ, велосипедке арналған жолмен жүрмесек, жақындарымыздың тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе әлімжеттік көрсету туралы сигналдарына назар аударатын болсақ, жануарларды қорғап, көшеде бей-берекет түкірмеуді қалыптастырсақ, біз көптеген мәселелерден аулақ бола аламыз. Әр істің  кішкентайдан басталатынын түсініп және есте сақтауымыз тиіспіз.  Әрине, жоғарыда аталған барлық құқық бұзушылықтар үшін жазалар мен айыппұлдар қарастырылған, бірақ егер халық арасында өзара түсіністік болмаса, олар қаншалықты тиімді болады?», - делінген жазбада.

Осы ретте, «Жастар рухы» Жастар қанаты әлеуметтік желілерде «Менің пайдалы әдеттерім» атты онлайн акциясын бастағанын хабарлаймыз.

Серіктес жаңалықтары