22.11.2023, 12:15
Қоғам
Шенген визасына өтінішті онлайн тапсыруға болады
Еуропалық кеңес жаңадан екі қаулы қабылдады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Шенген визасын алуға өтінішті онлайн тапсыруға болады. Еуропалық кеңес жаңадан екі қаулы қабылдады. Соған сәйкес, ЕуроОдақТа арнайы платформа құрылады. Азаматтар осы платформа арқылы Шенген визасына қажетті құжаттардың электронды көшірмесін жүктеп, визалық төлем жасай алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Дегенмен, Шенген визасына бірінші рет өтініш беретіндер мен био-метрикалық мәліметтері ескірген азаматтарға консулдықтар мен елшіліктерге баруға тура келеді. Қаулыға сәйкес, қазіргі визалық жапсырманың орнына енді сызықшалы код басылады. Жаңа ереже сандық визаны жасау платформасы дайын болғанда күшіне енеді.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды