20.11.2023, 21:15
Қоғам
Астанадағы киім дүкенінде келушілердің бірі тауарды ұрламақ болды
Ер адам бұрын да ұрлық жасағаны үшін сотталған
Елордада киім дүкендерінің бірінде келуші ұрлық жасамақ болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сатушылардың айтуынша, жігіт дүкенге келіп, киіну бөлмесінде спорттық костюмді киіп алып, кетер кезде ол кассаға бармай, залдан шығып кеткен. Сол сәтте ұрлыққа қарсы магнит іске қосылған.
Бейнежазбаға қарағанда, қаскүнем жұмысшыларды үстіндегі киім өзінікі екеніне сендіруге тырысқан.
«Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған, қылмысқа қатысы бар қаланың 27 жастағы тұрғын анықталды. ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қала тұрғыны мойындау көрсетпелерін берді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
