Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға алғыс айтты

Болат Назарбаев 13 қарашада Алматының орталық клиникалық ауруханасында көз жұмған болатын

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға алғыс айтты
Фото: sputniknews.ru

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді. Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді. Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет», - деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ресми сайтында

Айта кетейік, Болат Назарбаев 13 қарашада Алматының орталық клиникалық ауруханасында өмірден өткен болатын. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.