Биыл ұялы операторларға 2 млрд 570 млн теңге сомасына айыппұл жазылды – Қабенов

Аягөз Құрмаш

Бұл 13 қарашадағы жағдай бойынша есептелген

Биыл ұялы операторларға 2 млрд 570 млн теңге сомасына айыппұл жазылды – Қабенов
Фото: ranking.kz

ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитеті сымсыз байланыс жобаларды дамыту және мониторингілеу басқармасының басшысы Олжас Қабенов ұялы операторлардың міндеті жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy тілшісі.

«5G технологиясы мемлекет пен бизнес үшін, қолданушылар үшін, ақылды қалалар мен сервистерді дамыту үшін анағұрлым тиімді, бұл елдегі цифрландыру қарқынын айтарлықтай жеделдетеді», - деп атап өтті Олжас Кабенов.

Радиожиілік спектрін тиімді пайдалану және Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыс сапасын жақсарту аясында ұялы байланыс операторларына жүктелген міндеттемелердің орындалуын бақылау  талап етіледі.

«2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы абоненттерге сапасыз байланыс бергені үшін айыппұлдар ұлғайтылған заң жобасына қол қойды. Осылайша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1175 тексеру жүргізіліп, 1 млрд 670 млн теңге сомасына айыппұл жазылды (жеңілдікті ескере отырып бюджетке 835 млн теңге төленді). Ал 2023 жылдың басынан бастап 13 қарашадағы жағдай бойынша 677 тексеру жүргізіліп, 2 млрд 570 млн теңге сомасына айыппұл жазылды, яғни жеңілдікті ескере отырып бюджетке 1 млрд 285 млн теңге төленді», - деді спикер.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.