Ұлытауда балабақша төлемақысын негізсіз көтергендер жауапқа тартылды
6,5 мың ата-ананың құқығы бұзылған

Ұлытауда балабақша төлемақысын негізсіз көтергендер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Прокурорлармен 2023 жылы Ұлытау облысы әкімдігі тарапынан Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа ауданындағы балабақшаларда ата-ана төлемақысының негізсіз жоғары мөлшерін белгілегені анықталды.
Ата-ана төлемақысының мөлшерін (айына бір балаға тамақтану үшін) белгілеу кезінде әкімдікпен азық-түліктердің бөлшек бағалары негізге алынған, алайда олардың көтерме бағалары орта есеппен алғанда 10-20% арзан.
"Қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, ата-ана төлемақысының мөлшері 1 мың теңгеге төмендетіліп (әкімдіктің қаулысына өзгеріс енгізілді), кінәлі лауазымды тұлғалар жауаптылыққа тартылды", - делінген хабарламада.