$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2023, 17:06
Қоғам

«Қазарнаулыэкспорт» басшысы екі ай мерзімге қамауға алынды

Ол тағы бірнеше заңды тұлғамен бірге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді

«Қазарнаулыэкспорт» басшысы екі ай мерзімге қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Рамазановқа қатысты екі ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге дерек жария етілмейді.

Сот хабарлағандай, Қаржы мониторингі агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазарнаулыэкспорт» РМК лауазымды адамдары мен олардың қарамағындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстаған.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, олар мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде бағаны көтеру жолымен әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде шамамен 1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Серіктес жаңалықтары