$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кейбір адамдар діни көзқарасына қатысты вакцинадан бас тартып отыр – маман

Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде вакцина алуға қатысты теріс ақпарат таратылып жүр

Кейбір адамдар діни көзқарасына қатысты вакцинадан бас тартып отыр – маман

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вакцина алғысы келмейтіндер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Вакцина бұл қызылшаға ғана байланысты емес, вакцинамен басқарылатын инфекциялардың барлығына қатысты жайт. Қазіргі кезде елімізде вакцинамен басқарылатын инфекциялардың қатарына 20 инфекция кіріп отыр», - деді маман.

Оның айитуынша, адамдар бұл инфекциялардың қаншалықты қауіпті екенін және науқастанған жағдайда қандай асқыну болатынын ұмытып қалғандықтан көбіне жеке нанымы бойынша вакцинадан бас тартады.

«Бұл вакцинадан бас тартатындардың жалпы санының 50 пайызы. Тағы да діни наным бойынша бас тартатындар да бар. Яғни кейбір дін ағымдары (жанама ағымдарды ұстанатындар) бағытындағы адамдар діни көзқарасына байланысты вакцинадан бас тартып отыр. Соңғы жылдары интернет, әлеуметтік желілерде вакцинацияның теріс әсері туралы жалған ақпараттар көптеп таралып жүр», - деп айтты Нұршай Әзімбаева.

Серіктес жаңалықтары