$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.04.2020, 03:39
Қоғам

Елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша рейд жүргізілді

Сонымен қатар сауда орындарының санитарлық жағдайы тексерілді

Елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша рейд жүргізілді
Фото: 24.kz

Елорданың Сарыарқа ауданындағы базарларда азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша рейд жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық әкімдік пен прокуратура өкілдері өткізген шара кезінде баға саясатымен қатар, сауда орындарының санитарлық жағдайы тексерілді. Шектеу режимін бұзғандарға және тауар құнын негізсіз өсірген сатушыларға ескерту берілді.

Айта кеткен жөн, өткен аптада Сарыарқа ауданы бойынша 30 азамат карантин тәртібін бұзған. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Рейдтің негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге бағаны негізсіз өсірмеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Қазір осы бұйрық бізге түскеннен кейін бағалар бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдаймыз», - деді әкімдік өкілдері.

Серіктес жаңалықтары