$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.11.2023, 21:50
Қоғам

Астанада 1 жасқа толмаған сәбилерге қызылшаға қарсы жаппай екпе салынады

Содан кейін екі жастан төрт жасқа дейінгі балаларды иммундау басталады

Астанада 1 жасқа толмаған сәбилерге қызылшаға қарсы жаппай екпе салынады
Фото: zi.dn.ua

Астанада алты айдан он айға дейінгі балаларға қызылшаға қарсы жаппай екпе 6 қарашада басталады. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«6 қарашада алты айдан он айға дейінгі балаларға қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталады деп жоспарланып отыр. Содан кейін 5 желтоқсаннан бастап екі жастан төрт жасқа дейінгі балаларды иммундау басталады. Екпе сіздің балаларыңыз үшін өте маңызды. Вакцинациялау арқылы оларды ауырудан сақтайсыз. Қызылшаға қарсы вакцинадан бас тарту арқылы балаларыңыздың денсаулығына қауіп төндіресіз», - деді Сархат Бейсенова.

Ал Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова қазіргі уақытта ауруханада қызылша жұқтырған 261 науқас жатқанын, оның 183-і балалар екенін атап өтті. Оның айтуынша, аурудың жоғары деңгейі ұйымдасқан топтарда, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде, жоғары оқу орындарында, медицина ұйымдарында және әскери бөлімдерде тіркелген.

«Астанада қызылша ауруы бойынша жағдай тұрақсыз, аурушаңдықтың артуы байқалады. Наурыз айынан бастап бүгінге дейін 1009 науқас стационарда емделді. Оның 788-і 18 жасқа дейінгі балалар. 96% жағдайда ауру екпе алмаған балалар мен вакцинация статусы белгісіз ересектер арасында тіркелді», - деді Әлия Рүстемова.

Серіктес жаңалықтары