5 қарашада елімізде әкімдер сайлауы өтеді

Экономикалық зерттеу институты еліміздің 6 облысында әкімдерді іріктеген

5 қарашада елімізде әкімдер сайлауы өтеді
Фото ашық дереккөзден

5 қарашада қала мен аудан әкімдерін сайлау өтедіе деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Экономикалық зерттеу институты еліміздің 6 облысында әкімдерді іріктеген. Олар Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстары.

Қазір Ақмола мен Қостанай облыстарына қатысты ғана нақы дерек бар. Ақмола облысындағы 5 ауданда, 23 адамның кандидатурасы ұсынылған. Оның ішінде 5 үміткерді «Amanat» партиясы, біреуін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, қалған 17-сі өзін-өзі ұсынғандар, деп жазады qazaqstan.tv

Ал Қостанай облысында 4 аудан мен Рудный қаласынан жалпы саны 17 адам кандидатурасын ұсынды.

Олардың бесеуі «Аmanat» партиясынан. Бір-бір үміткерден Қазақстан халықтық партиясы мен «Respublica» партиясы ұсынды. Қалған 10-ы өзін-өзі ұсынғандар. Қостанайдағы үміткерлердің барлығы – ер адамдар. Аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау әзірге пилоттық жоба ретінде ұсынылып отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.