Жамбыл облысындағы кәсіпорындарда 165 заңбұзушылық дерегі анықталды
5 басшы ескерту алып, 9 жауапты қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Жамбыл облысындағы кәсіпорындарда 165 заңбұзушылық дерегі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Жалақы уақытылы берілмейді, жұмыстан шыққан қызметкерге өтемақы кешіктіріп төленеді. Мұның сыртында заңсыз тәртіптік жазаға тарту мәселелері жиі кездеседі.
Жамбыл облысында биылдыққа 165 заң бұзушылық болған. 5 басшы ескерту алып, 9 жауапты қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жұмыс берушілер 3 миллион теңге айыппұл төлеуге тиіс.
«Е-Өтініш бойынша немесе өздері басқармаға кеп арыздана алады. Біз сол арқылы жоспардан тыс тексеру тағайындап бұзылған құқықтарын қорғаймыз. Сонымен қатар жазатайым оқиға орын алған кезде еңбек инспекторларымен жасыру фактілері орын алып жатады. Оған қатысты шара қолданамыз», - деді облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Бекжан Әбді.