$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2020, 01:26
Қоғам

Төтенше жағдай: Шымкентте қылмыс азайды

Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлады

Төтенше жағдай: Шымкентте қылмыс азайды
Фото: sputniknews.kz

Шымкентте төтенше жағдай кезінде қылмыс азайды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.

«Шымкентте осы жылдың 15 наурыз бен 31 наурыз аралығындағы қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға төмендеді. Жеке меншікке қарсы қылмыстардың барлық түрлерінің төмендегені байқалады. Сонымен қатар бұзақылық та 78% төмендеді, сәйкесінше, қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қылмыстар да азайған. Бұл қылмыстардың көпшілігі ізі суымай ашылып жатыр», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жол-көлік оқиғалары мен оның салдарынан жарақат алғандардың саны да 10%-ға төмендеген.

Шымкент прокуратурасы барлық тұрғындарды короновируспен күрес барысында уәкілетті және мемлекеттік органдардың талаптарын қатаң сақтап, төтенше жағдай біткенше оқшаулануға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қылмыс #Шымкент