Қазақ тілін «мәмбеттердің тілі» деп атаған: полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады
Бұл іске қатысты ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады
Әлеуметтік желіде алматылық бойжеткеннің қазақ және қырғыз тілдерін «мәмбеттердің тілі» деп атаған видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бойжеткен оған қазақ тілінің ұнамайтынын айтқан.
«Маған қазақ тілі өте ұнамайды. Шынын айтқанда ол «мәмбеттердің» тілі. Қазір бұл мәмбеттер ауылдардан қалаға қарай ағылып келіп жатыр, салдарынан қалада үлкен кептелістер пайда болды. Мен өзім Алматыдан боламын. Маған қазақ тілі ұнамайды, қазақ пен қырғыздың тілі «мәмбеттердің» тілі», - дейді бойжеткен желіде.
Видеодағы жазбада бойжеткеннің тікелей эфирге жиі шығып, ұлтаралық алауыздықты қоздырып отыратыны жазылған.
Алматы қалалық полиция департаментінде аталған дерек ҚР ҚР-нің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады», - делінген департамент хабарламасында.