Жаңа талап келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді
Елордада Стандарттау жөніндегі кеңейтілген ғылыми-техникалық кеңес өтті. Онда ҚР ұлттық стандарттарының жобалары қаралды. Оның ішінде Деңгейлер бойынша қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері жөніндегі жобалар мақұлданды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, стандарттың негізгі мақсаты – қазақ тілін меңгеру деңгейін белгілеу. Содан кейін Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді өткізіп, тиісті сертификаттар береді.
Міндетті тестілеуден мынадай санаттар өтеді:
Әзірлеушісі – ҚазСтандарт. Қолданысқа енгізілетін болжамды күні – 2024 жылдың 1 қаңтары.
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңның қабылдануымен байланысты жоғарыда аталған әзірленген стандарттар өте қажет, өйткені олар жұмысты нақты регламенттер мен талаптарға сәйкес келтіреді", - деп атап өтті мәжіліс депутаты Иса Қазыбек.