$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2020, 01:17
Қоғам

Атырауда коронавирус инфекциясының 11 ошағы анықталды

Қазіргі уақытта 11 үйдің тұрғындары оқшауланды

Атырауда коронавирус инфекциясының 11 ошағы анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Атырауда коронавирус инфекциясы ошағының аймақтары анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, 31 наурызда инфекция таралған 11 аймақ анықталған.

«Бұл - Шманов, 63; Яблочная, 2; Ардагер 5 шағынауданы; Ұзын Арал көшесі 30; Каспий 19 шағынауданы; Жұлдыз, 19; Нұрсая, 52; Маденов көшесі, 15; Жазықбаев, 20; Құрылысшылар, 147; Привокзальный 5 шағынауданы, 8 үй. Коронавирус инфекциясы ошағы дегеніміз - Covid-19 жұқтырған Атырау тұрғындары тұрған үйлер. Қазіргі уақытта 11 үйдің тұрғындары оқшауланды, тапсырған тест нәтижесі бойынша олардан ауру табылмады. Үйлер мен пәтерлер дезинфекцияланды, жергілікті тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау облысында 13 адам коронавирус жұқтырған.

Серіктес жаңалықтары